#qyzylordatv
Қызылордалық қос жеткіншек инсульттен кейін оңалтуға арналған тренажер ойлап тапты. Жобаның авторлары Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары – Аяжан Төребек пен Әділхан Жантурин.
Инсульт дегеніміз – ми қанайналымының жіті бұзылуы. Инсульттан кейін адамның қалыпты өмірге оралуына кемінде жарты жылға дейін уақыт кетеді екен. Жедел оңалтудың оңтайлы жолын 11-ші сынып оқушылары ұсынып отыр. Өнертапқыш өрендер инсульттан кейінгі оңалтуға арналған тренажер жасап шығарған.
АЯЖАН ТӨРЕБЕК - ОҚУШЫ
// Біздің жобамыз ремоушн деп аталады. Бұл жобамен біз 1 жылдан астам уақыт айналысып келе жатырмыз. Жобаның ең басты мақсаты бұл инсульттан кейінгі пациенттердің ұсақ моторикасын кайта калпына келтіру. Басқа дәстүрлі әдістерден айырмашылығы бұл құрылғының құрамында 4-тен аса ойын бар. Яғни, ойынның көмегі арқылы пациенттердің қызығушылығын арттырып инсульттан кейінгі реабилитацияны жеделдетеміз. Сонымен қатар құрылғының құрамында депрессияны аныктайтын тесттер де бар. Бұл дәрігерлер үшін де үлкен артықшылық болып табылады.//
Жоба жетекшісінің айтуынша, алғашында қызығушылықпен құрастырылған құрал облыстық ауруханада тәжірибе жүзінде тексеріліп, оң бағасын алған.
ӘДІЛЖАН НАУАН – ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ \\Жобаны жасау барысында біз NS инжиниринг зертханасын пайдаландық соның ішіндегі 3Д модельдеу корпусын жасау барысында оны 3 Д печатьтан шығару және оның ішіндегі 4 ойынды сәйкесінше олардың идеясына сәйкесінше жазып шығу. Оның Алгоритімін құрастыру сол бойынша біз зертханада осы 1 жыл көлемінде жұмыс жасадық. Бұл біздің мектептегі 3Д принтер, микроконтролерді қолдандық, ардуина esр 32 және өзіміздің зерітханамызда оны құрастырып пайкілеп,барынша қолдануға ыңғайлы дизайнын қарастырып құрастырып шықтық.
Оқушылар жаңа жабдыққа авторлық құқық алыпты. Енді бұл жұмысын медицинада жүйелі түрде қолданысқа енгізсек деген жоспары бар.