#qyzylordatv

 Жалағаш аудандық полиция бөлімінен кітапхана ашылды. Мұндағы мақсат - тәртіп сақшыларының кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

 Жаңа кітапхана – қызметкерлер үшін ақпарат алу алаңы ғана емес, ой өрбітіп, білімдерін шыңдауға мүмкіндік береді. Іс- шарада полиция бөлімі бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері оқу залына жаңа кітаптар сыйлап, арнайы бұрышқа орналастырылды. Ардагер Болатбек Нұржанұлы өз туындысын сыйласа, департамент бастығының орынбасары Оралбек Омаров «Абай жолы» романын сыйға тартты.

    Сондай-ақ арндагерлер жас полицейлерге бірнеше кітаптың мазмұны жайлы әңгімелеп, оларға қызметтен бос уақытта кітап оқып, рухани-танымдық көкжиегін кеңейтуге кеңес берді. Алдағы уақытта кітапхана қоры жаңа кітаптармен, танымдық басылымдармен толықтырылмақ.