#qyzylordatv

Қызылорда жастары қаладағы ботаникалық баққа 50 түп тал екті.

Қазіргі еккен тал-шыбық, ертең жапырағы жайқалған ағаш, одан әрі көрікті орман болатыны белгілі. Бұл аумақ та бүгінде тұрғындардың жиі серуендейтін саябағына айналған. Сондықтан белсенді жастар саялы орынды әрі қарай көгалдандыруға үлесін қосты. Сыр талы, терек сынды өңір климатына сәйкес келетін тал шыбықтарын екті.

   Жалпы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілген іс-шараның мақсаты –қоршаған ортаға көңіл бөліп, табиғатқа қамқорлық жасау.

 МЕДЕТ ЖОРАБЕК - ҚАЛАЛЫҚ «QOSYL» ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

/// Жалпы бұндай акциялар өңірімізде тұрақты түрде жүргізіліп келе жатыр. Және алдағы уақытта да өзінің жалғасын табады деп сенеміз. Жалпы Қызылордалық жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында әртүрлі жобалар мен жоспарларымыз бар. Былтырғы жылдан бастау алған тазалық патрулі деген сияқты,оқушылардан құрылған бастамашыл топ, биылғы жылыда өз жұмысын жалғастыратын болады.