#qyzylordatv

Қайғылы оқиға. Almaty Half Marathon кезінде екі қатысушы — 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади қайтыс болды. Екеуі де 21 шақырымды бағындырмақ болған. Жартылай марафон таңғы уақытта Бірінші Президент саябағынан басталып, Орталық стадионға дейін жалғасқан. Алайда жерлесіміз, қарт спортшы Аққоян Рысалиев жарыстың алғашқы шақырымында-ақ өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Жедел жәрдем бригадасы бір минут ішінде жеткенімен, пульсі болмаған. Алдын ала диагноз — өкпе артериясының тромбоэмболиясы.

фото

 Ал екінші қайтыс болған азамат — 21 жастағы Нұрбол Ахмади. Ол жарыстың 16-шақырымында есінен танып құлаған. «Марқұмдардың екеуі де марафонға тұрақты түрде қатысып келген. Дәрігерлер оларға дер кезінде көмек көрсеткенімен, өмірін аман алып қалу мүмкін болмады», - делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада. Қайғылы оқиғаның нақты себептерін сараптама анықтайды.