#qyzylordatv
Жерлесіміз, каратэші Мөлдір Жаңбырбай Мысыр астанасы Каирдағы Премьер-лига турнирінде чемпион атанды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалдық жекпе-жекте хорватиялық Эма Сгарделлиді жеңіп шықты. Осылайша, сырбойлық спортшы қатарыннан үшінші рет Премьер-лига жарысында жүлде алды. Бұған дейін ол Парижде қола, Ханчжоуда күміс алған болатын.