#qyzylordatv
Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің президенті, профессор Дон Хван Ким ІТ саланы таңдаған қызылордалық студенттерге дәріс оқыды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жасанды интеллект саласындағы кадрларды даярлау мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Бұл –заман талабы.
БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА - ҚОРҚЫТ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ - РЕКТОР «Осы АI, жасанды интеллект саласындағы трендтер тақырыбында лекция өтіп жатыр. студенттерге бұл өте қызықты. Өйткені қазір білім алып жатқан бірінші курс студенттері қыркүйек айынан бастап, ағылшын тілін, корей тілін терең оқуды бастады. Және олар IT бағытында оқығаннан кейін, сол саланың мамандары, оның ішінде нано технологиямен, робототехникамен айналысатын ғалымдар келіп дәріс оқуы - олардың болашағына үлкен стимул болады. Ғалымға деген ынтасын ашады».
Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің президенті, профессор Дон Хван Ким дәріс барысында цифрлық трансформация және IT саласындағы жаһандық үдерістер туралы ақпараттармен бөлісті. Ал іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
ӘДІЛЕТ ЕРЛАНҰЛЫ - СТУДЕНТ «Бұл Қызылорда қаласының студенттерінің жеке дамуына және ҚР цифровизация саласына арналған жоба. Біз күннен күнге әртүрлі салаларды меңгеріп жатырмыз. Біз мысалы универде курсир платформасын оқып жатырмыз. Лекцияда Сеултех университетінің ректоры өзінің карьерасы туралы, Сеул қаласының даму тарихы туралы айтып берді».
Айта кету керек, Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті жасанды интеллект саласы бойынша Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Сондықтан бұл дәріс болашақ инженерлер мен IT-мамандары үшін таптырмас тәжірибе алаңы болды.