#qyzylordatv
Қызылорданың астана болғанына 100 жылдық мерейтойы аясында республикалық оқушылар айтысы өтті. «Көктем нұры» атауымен айшықталған додаға еліміздің әр өңірінен суырылып шыққан жас айтыскерлер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
«Көктем нұры» республикалық оқушылар айтысы биыл оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Сөздің құнын жоғары қойған жас ақындар Сыр өңірінің тарихын жырлады.
Интершум
ЭЛЬМИРА ҚАНАТБАЕВА – «ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ, КЛУБТАРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ҰЖЫМДАР» МКҚК ДИРЕКТОРЫ
Айтыс өнері біздің ұлттық төл өнеріміз, брэндіміз, соның ішінде елімізде Қызылорда айтыс өнерінен көш ілгері алда тұрмыз, әрине мақтаныштарымыз Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, кешегі Бексұлтандар қандай керемет көшті бастап тұр, міні соның жалғасы балаларды,жастарды тәрбиелеу мақсаты бар.
Айтыскерлердің шалқар шабытын жұртшылық жоғары бағалады. Әсіресе, қыз бен жігіт арасындағы сыйластықты жырмен әдемі өрнектеген Жасмина Жүнісбек пен Мұхамедәли Абдуллаевқа көрермен ықыласы ерекше болды.
// Жадырап жымиғаның әсем қандай, ақ жүзіңнен алатын әсер қандай,
Кекіліңнің бұйрасын жел тараған, көрген кісі не күйді кешер қандай,
Кермиық жымиысың жүзіңдегі, Сарыарқаның тасына қашалғандай
МҰХАМЕДӘЛИ АБДУЛЛАЕВ - ЖАС АЙТЫСКЕР
Сөз бәйгесі жақсы өтті, осы айтысқа қатысып келе жатқаныма үш жыл болды биыл, енді айтыс халықтың өнері ғой, халықтың баласы болған соң, ол қаннан да дариды, мінезден де дариды, оның үстіне айтыс бұл Қызылорда топырағында туылған әр қазақтың қанында бар қасиет, соны ары қарай дамытса болғаны, осы халықтың атынан шығып, намысын қорғағаныма мен өте қуаныштымын.
Екі жарым сағатқа созылған жыр бәйгесінде Жамбыл облысының намысын қорғаған Інжу Жаңабай бас жүлдені жеңіп алды. Ол қазылар алқасын суырып салма шеберлігімен тәнті етті. Барлық қатысушылар арнайы жүлде, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.