#qyzylordatv

«Таза Қазақстан» және «Таза су айдындары» акциялары аясында Жаңадария жағалауы тазартылды. Табиғатқа жанашырлық танытқандар туралы тілшіміз Назира Алмас әңгімелейді.

 НАЗИРА АЛМАС – ТІЛШІ Бұл жолғы сенбіліктің мақсаты – тек қоқысты жинау емес, су астындағы өмірге тыныс беру. Балықтардың еркін жүзуіне кедергі келтіретін тасталған ау құралдарынан тазартып, жағалау маңындағы күл-қоқыстан арашалау. Уылдырық шашар кезеңде су айдындарының тазалығы – болашақ балық қорын сақтаудың кепілі.

 Балықтың уылдырық шашу кезеңі Сырдария өзенінде шамамен 1 сәуірден бастау алды. Бұл кезеңде судың тазалығы ерекше маңызды. Сондықтан Жаңадария жағалауын тазартуға 70 адам қатысып, 7 арнайы техника жұмылдырылды.

 РУСЛАН СЕЙТМҰРАТОВ – АРАЛ-СЫРДАРИЯ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Акцияның мақсаты – балық рессурстарын сақтау, табиғат өсімін молайту үшін жағдай жасау.00-54 Акция табиғатты қорғау мекемелерімен, қоғамдық ғылыми ұйымдармен, балық шаруашылығы, су айдындары жақын ауыл тұрғындары, оқу орын студенттерінің қатысуымен үздіксіз өткізіліп келеді.

ЖАҚСЫБАЙ ЖАЛҒАСБАЕВ – ҚЫЗЫЛОРДА ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАЛЫҚ МАМАНЫ

// 15 наурыздан бастап, 31 мамырға дейін «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы жарияланған. Жаңадария өзенінің екі жақ жағалуы тазалану үстінде. Шамамен, 500 кг-дай қоқыс шығарылды.

 Жалпы жыл басынан бері өңірдегі су айдындарынан тыйым салынған оннан астам ау құралдары шығарылыпты.