#qyzylordatv
Тұңғыш президент паркі жаңа кейіпке еніп жатыр. 71 гектардан асатын аумақ толықтай абаттандырылады. Саябақта субұрқақ, ойын алаңдары, амфитеатр, тіпті, теннис корты салынады. Тақырыпты тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы тарқатады.
ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ: ////Тұңғыш президент паркі қызылордалық тұрғындар саялайтын ең сүйікті мекеннің бірі. Аталған аумақ 2007 жылы ашылды. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Тек биылдан бастап қолға алынып отыр. Қайта жаңғырту жұмыстары негізі екі кезеңнен тұрады. Алғашқы лекте мына мен тұрған монументтің алды ретке келтіріледі.
МЕДЕТ БАЙТАШЕВ – МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ ///Бірінші кезең бойынша мынау тұрған аркадан бастап парк алды мамыр айының аяғында тапсырылады. Жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Гранит жүргізіліп жатыр. Тас төсеніштер фудкорд және пешеходный фонтан мамыр айының аяғында ашылады. Бірінші кезең біткен жерде тұрғындар кешкі демалыстан өткізе береді.
ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ ///Екінші кезең бойынша да екпінді жұмыс жүріп жатыр. Бір айта кетерлігі, тұңғыш президент паркіндегі тал-теректерге ешқандай зиян келіп жатқан жоқ. Медет мырза, екінші кезең бойынша қызылордалық тұрғындарды қандай дүниемен таңғалдырасыздар?
МЕДЕТ БАЙТАШЕВ – МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ //Бізде екінші кезең бойынша футбол және баскетбол алаңы түседі. «тұманды фонтан», «Колесо обозрение», балалар ойын алаңы және веложолақ түседі. және де дария жағалауында жаяу жүргіншілерге жағдай жасалады.
////Жалпы, осындағы құрылыс жұмыстары қашан аяқталады?
Мұндағы жұмыстар жыл соңында аяқталады деп жоспарлануда.
ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ//Медет мырза, ақпаратыңызға рахмет! Жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша 33 демалыс орны бар. Оның барлығы рет-ретімен, кезең-кезеңімен жөнделіп жатыр. Мұның барлығы қала тұрғындарының игілігі үшін жасалып жатыр.