Көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын азаматтар тәртіп пен тыныштықты сақтауға міндетті. Себебі подъезд, аула, кіреберіс, лифт сияқты орындар – бәріне ортақ аумақ. Сондықтан бұл жерлерде жасалатын кейбір әрекеттер заң бойынша құқық бұзушылық болып есептеліп, айыппұл немесе әкімшілік жазаға әкелуі мүмкін.

Облыстық полиция департаменті мен пәтер иелері кооперативтері өкілдерінің қатысуымен өткен жиында бұл мәселе кеңінен талқыланды. «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған басқосуда тұрғын үй аулаларындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, тұрғындармен өзара іс-қимылды нығайту және интернет алаяқтықтан сақтану жолдары сөз болды.