Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің алқа мәжілісі өтті. Жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асқарбек Ертаев еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жүйесін нығайту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру - министрліктің стратегиялық бағыты ретінде айқындалғанын атап өтті. Сондай-ақ сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

БЕКТЕМІР ЖҰМАҒҰЛОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

“Бұл жылғы басымдықтың бірі Президенттің тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарға басымдық беріледі. Сонымен қатар, еңбек құқықтарын қорғау, жұмысшылардың өтініштерімен жұмыс жасау, өндірістік жарақаттар, еңбек қауіпсіздігі саласындағы нақты міндеттер қойылды. Цифрландыру бағытына назар аударылып отыр.”