#qyzylordatv
Заң талабына сауатты болу – өз құқығыңды қорғаудың басты жолы. Осы орайда өңір жастарының құқықтық білігін арттыру мақсатында сала мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кезекті талқы алаңы облыстық жастар ресурстық орталығында болды.
Заң үстемдігін қамдай отырып, өскелең ұрпақты тәртіпке баулу шарасына облыстық әділет департаменті мен қалалық полиция басқармасының мамандары арнайы шақыртылған. Жиында киберқауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері таразыланып, жастар сала жетекшілеріне сауалдарын жолдады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан тегін көрсетілетін заңдық көмектер турасында тұшымды ақпар берілді. Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 76 қорғаушы тұрғындарға ақысыз заңдық көмектер көрсетеді.