#qyzylordatv
Құқық қорғау органдары әрқашан басты назарда ұстауға тиіс тағы бір маңызды мәселе – жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру. Өкінішке қарай, өңіріміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғалары жиілеп барады. Жыл басынан бері 62 көлік апаты тіркеліп, 31 адам қаза тапса, 118 азамат жарақат алған.
Күре жол талай ғұмырды қыршынынан қиды. Әдетте, жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің біліксіздігі немесе салғырттығынан, қиын өткелдер мен ауа-райының қолайсыздығынан туындайды. Жазатайым оқиғалар өз алдына, қараусыз үй жануарларының тас қараңғыда автожолға шығып кетуі өзекті мәселеге айналып отыр. Көлік прокуратурасының бастамасымен өткен жиында уәкілетті орган басшылары жол-көлік апаттарының алдын алу мәселелерін талқылады.
САЯТ СЕИТЖАН - ҚЫЗЫЛОРДА КӨЛІК ПРОКУРОРЫ // Жалпы әрбір жол апаты- жәй ғана статистика емес, артында қайғы-қасіретке толы тағдырлар бар екенін және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету - бәріміздің ортақ міндетіміз. Дөңгелек үстелдің мақсаты- жол көлік оқиғасы салдарының болдырмауы, адам өмірінің сақталуы.