#qyzylordatv
Облыс бойынша экология департаменті алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Баспасөз мәслихатында табиғатты қорғау, заңсыз карьерлерді анықтау, қалдықтарды жою және «Байқоңыр» кешеніндегі экологиялық бақылау шаралары сөз болды.
Жарты жыл ішінде 20 нысанға тексеріс жүргізіліп, 43 заң бұзушылық анықталған. Соның нәтижесінде 72 әкімшілік айыппұл салынып, оның 9,7 миллион теңгесі өндірілді. Сондай-ақ, облыста заңсыз қоқыс орындарын жою бойынша жұмыстар атқарылып, 88 рұқсатсыз қалдық алаңы толықтай жойылды. «Таза Қазақстан» акциясына 156 мыңнан астам тұрғын үлес қосып, 6 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды.
АЛМАС ИСКАКОВ- ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ /// Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау қызметі «Байқоңыр» кешеніндегі обьектілерді де қамтиды. «Байқоңыр» кешенінің обьектілерінде жарты жылда 6 обьектіге жоспар тексеріс жұмыстары жүргізіліп, 3 заңбұзушылық жою жөнінде ұйғарым беріліп, толығымен орындалды. 25 жылдың 1 жартыжылдығында облыс бойынша жоғары ластану, экстремалды жоғары ластану және қолайсыз жағдайлары тіркелмеді.