#qyzylordatv

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбеновті 60 жасқа толғанйтойтоймен құттықтады. Мерекелік басқосуға Сенат пен Мәжіліс депутаты Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Адал қызмет етіп, сый-құрметке бөленген Мұрат Абдуламитұлының тұлғалық келбеті, адами болмысы ерекше. Еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастап, Мәжіліс депутаты дейін сан түрлі қызметтерді абыроймен атқарды. Мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен білікті басшы, мықты ұйымдастырушы өңірді өркендету жолында аянбай тер төкті. Әр жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы, облыстық ішки саясат департаментінің директории, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыс әкіминің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, халықтың алғысы на бөленди. Білім және ғылым вице-министрі ретинде білім саласын дамытуға үлоес қосты. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының республикалық үйлестіру кеңесіне жетекшілік еткен кезеңде бағдарлама еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың біріне айналды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Мұрат Абдуламитұлының еңбек жолына тоқталып, облыстың құрмет грамотасын табыстады.