#qyzylordatv
Биыл 12 мың шақырым автожол жөнделді. Бұл туралы автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы Үкіметтегі жиында белгілі болды. Көлік министрлігінің мәліметінше, еліміздегі автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 185 мың шақырымды құрайды.
Бүгінде республикалық көлік дәліздерінің жағдайы 93%-ға, жергілікті магистральдардың нормативтік деңгейі 89%-ға жақсарды. Әсіресе «Қарағанды–Алматы» бағытындағы жолдың 885 шақырым, «Талдықорған–Өскемен» трассасының 768 километрі жаңартылды. Сонымен қатар «Атырау–Астрахан» және «Ақтөбе–Қандыағаш» жолдарының реконструкциясы аяқталды. Осы 4 бағытта барлығы 49 көпір, 54 өткел салынды. Бұл жұмыстар Мемлдекет басшысының Жолдауда, Ұлттық құрылтайда жүктеген тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.