#qyzylordatv
Спорт жаңалықтары. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тірек-қимыл жүйесі мен көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты аяқталды. Ұлттық құраманың сапында қызылордалық спортшылар да лайықты өнер көрсетті.
Турнир 4-14 тамыз аралығында өтті. Оған әлемнің 10 елінен 75 спортшы қатысты. Ойындар тартысты өтіп, әрбір спортшы соңына дейін намысты қолдан бермеуге тырысты. Чемпионат қорытындысы бойынша қызылордалық Мадина Нұрсейіт үш бірдей медальға қол жеткізді: классикалық стильде - қола, рапид пен блицте - екі күміс. Халықаралық аренада табысқа жеткен спортшымыздың жеңісі құтты болсын!