#qyzylordatv

Қармақшы ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында 300-ге жуық балаға көмек көрсетілді. Аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған акцияға кәсіпкерлер мен тұрғындар ерікті түрде қолдау көрсетіп отыр.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалды. Оқушылар үшін ең алдымен мектепке қажетті құрал-жабдықтардың түгел болуы маңызды. Осыған орай ауданда әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету бағытытындағы жұмыстар ұдайы жүріп келеді.

Ауданда мемлекеттік қолдау шеңберінде жалпы білім беру қорынан мектепке дайындық үшін 3 мыңнан астам балаға қаржылай көмек көрсетілген. Бұл ата-аналарға балаларын мектепке дайындау үшін қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік беріп отыр.

 «Мектепке жол» акциясы жаңа оқу жылына дейін жалғаса бермек. Жақын арада «AMANAT» партиясы мен «Халық банкі» тағы да жүзден астам балаға көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар тамыз айының соңына дейін табысталатын болады. Айта кетейік, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары аудан әкімінің тікелей бақылауында.