#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы

 Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс бизнес колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті. Жиында еңбек нарығына қажетті жұмысшы мамандарды даярлау, дуалды оқыту жүйесінің тиімділігі, ерекше білім беруді қажет ететін студенттер үшін қолжетімді орта қалыптастыру мәселесі қаралды.

 Елімізде «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай еңбек нарығына қажетті білікті кадрларды даярлауға басымдық берілуде. Мәселен, Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс бизнес колледжінде құрылыс, жиһаз өндірісі, дәнекерлеу ісі, электротехника және энергетика, тігін өндірісі, тамақтандыруды ұйымдастыру, шаштараз және косметологиялық қызметтер мамандықтары бойынша бес жүзге жуық студент оқиды. Олардың 36 пайызы дуальды оқыту технологиясы бойынша білім алып жатыр.

 ҚАРЛЫҒАШ ОМАРОВА, С.ЫСҚАҚОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚҰРЫЛЫС БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНІҢ АҒА ШЕБЕРІ \Дуальды оқыту дегеніміз әлеуметтік серіктестіктермен келісімшарттар жасалып, білім алушыларымыз кәсіптік тәжірибеден өтеді. Яғни, олар қазіргі кезден кәсіптік ортаға бейімделіп, алдағы уақытта жұмыспен қамтамасыз етілуге мүмкіндіктер туындайды. Былтыр 220 бала бітірсе, олардың 75 пайызы жұмыспен қамтылған \

 Соңғы жылдары өңірдегі ірі кәсіпорындар да дуальды оқытуға қызығушылық танып отыр. Бұл дегеніміз жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары деген сөз. Тамыз кеңесінің секциялық отырысына қатысушылар бұл жүйенің жаңашылдықтары мен тиімді тұстарына тоқталды.

ПІРМҰХАММЕД СЫЗДЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ \Оның ішінде мұнай саласы, шыны өндірісі соған байланысты мамандарға сұраныс жоғары,,,,,, \

Жиында сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін студенттер үшін қолжетімді оқу ортасын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да айтылды. Бұл бүгінгі күндегі ең өзекті мәселенің бірі.

 ӘЛИЯ ДОСМАХАНОВА, С.ЫСҚАҚОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚҰРЫЛЫС БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ \инклюзивті білім беру қазіргі білім беру жүйесінің ең көкейтесті мәселесі болып тұр. Әсіресе бұл колледждерге қатысты. Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс бизнес колледжінде 2021-2022 жылдан бастап осы инклюзивті білім беру мәселесін көтеріп, жолға қоюға көңіл бөлдік. .... \

 Колледжде тігін цехы жұмыс істейді. Суденттер мұнда теориялық білім алып қана қоймайды, киім қысқарту, пішу, тігу жұмыстарын үйреніп, тәжірибе жинақтайды. Айта кету керек, оқу орнының шеберлері қазіргі күні мектептер мен балабақша қызметкерлеріне арнайы форма тігіп, қосымша қаржы көзін табумен де айналысып жатыр.