#qyzylordatv

Бизнесті өркендеген франшизаға қалай айналдыруға болады? Бүгін Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығының негізін қалаушылар аймақ кәсіпкерлерімен кездесуінде осы мәселені кеңінен талқылады.

Жиында облыс кәсіпкерлеріне франчайзингтің артықшылықтары, өз бизнесін франчайзингке дұрыс жинау, ұлттық және халықаралық нарыққа шығу жолдары туралы айтылды. Сондай-ақ, сарапшылар франчайзинг нарығы, өңірлік даму мүмкіндіктері, қателіктер мен табысты тәжірибелер туралы пікір бөлісті.