#qyzylordatv
«Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман». Биылғы тамыз кеңесі осы тақырып аясында өрбіді. Білім саласындағы басымдықтарды айқындайтын алаңға Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, бірқатар сенатор мен мәжілісмен, құқық қорғау органдарының басшылары және білім саласының қызметкерлері қатысты. Стратегиялық алаңда айтылған ауқымды мәселелер мен тың тақырыптар жөнінде толығырақ тілшіміз Әйгерім Нажмадинқызы баяндайды.