#qyzylordatv

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай облыстық әділет департаментінің ұйымдастыруымен жиын өтті. Прокуратура, нотариат, адвокатура саласының өкілдері мен сот орындаушылары қатысқан жиында Ата Заңның қоғамдағы рөлі мен құқықтық мәдениетті арттыру жайы әңгімеге арқау болды.

 Конституция - ел тәуелсіздігінің тірегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Бұл басқосудың мақсаты - Ата Заңды насихаттап қана қоймай, қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту.

ҰЗАҚБАЙ ОРАЗГЕЛДІ- ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ // Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Ата-заңымыз конституцияның 30 жыл мерекесіне орай осы Анаға тағзым ғимаратында заңгерлер, сот орындаушылар , прокатура саласынан , нотариат саласынан, адвокат саласынан бас қосып отырмыз. Жасап жатқан іс-шарамыз алдағы уақытта жалғасын табады және де алдыңғы ата-заң мерекемізге орай нотариат палатасында өткізген болатынбыз онда халықтармен кездесу өткізіп , көкейтесті мәселелерін сұрақтарына жауаптарын тауып, одан кейін мынау адвокаттардың ғимаратында өткіздік, азаматтарды қабылдадық , тегін құқықтық көмектер көрсетілді.

 Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Жиында еліміздің бас құжатына осы уақытқа дейін қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілгені сөз болды.

ЕРЛАН АЛТАЕВ - ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИТАТЫ // Көптеген мәселелер талқыланды. Соның бірі конституциямыздың 30 жылдығында ҚР-да қандай тың өзгерістер бар ,қандай реформалар болды, ол реформалар не берді. Соның ішінде мысалы 2022- 2023 жылдары болған реформалар оның ішінде суперпрезиденттік жүйеден парламентпен президенттің ортасындағы осындай бір жүйе енгізілді. Жалпы қазір суперпрезиденттік жүйе емес, президент өкілеттігі шектелген , одан бөлек бұрын конституциялық кеңес атқаратын болса , қазір конституциялық сот жұмыс жасап жатыр. Сол конституциялық соттың атқарып жатқаны жұмысы көп екендігі , алдағы уақытта көп екендігі де талқыланды. Бұл конференцияның жастарға және осы кадрларға ұлттық мақтаныш ретінде танып, ұлттық патриотзмды оятатын осындай шаралар көптеу болу қажет.

 «Ата Заңның берік сақталуы ішкі бейбітшілікті нығайтып, азаматтық қоғам құруға сеп, дейді заң ғылымдарының кандидаты Ерлан Алтаев. Осы орайда жиынға қатысушылар Конституция күнін кең көлемде атап өтудің маңыздылығына да тоқталды.