#qyzylordatv
Конституцияның 30 жылдығына орай Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 60-шы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Мақсат – шалыс басып, жаза арқалағандарға құқықтық көмек көрсету.
«Ашық есік күні» іс-шарасына облыс прокурорының орынбасары, әділет департаментінің қызметкерлері, денсаулық сақтау және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармаларының өкілдері келді. Мамандар жазасын өтеп жатқан азаматтарға құқықтық кеңес беріп, құжаттарды қалпына келтіру, бостандыққа шыққан соң жұмысқа орналасу және әлеуметтік көмектерге жүгіну жолдары бойынша нақты ақпарат ұсынды.
ШӘЙМЕРДЕН ЕСЕНГЕЛДИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ // Бұл ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты сотталғандарға өздеріне керекті құқықтық көмек алу үшін көмек көрсетіліп жатыр. Бұл шара әрдайым жүргізіліп отырады. Қазіргі таңда, осы 60-шы мекемеде 1000-нан аса азамат жазасын өтеп жатыр. Әр сотталғандардың өзінің құқықтары мен міндеттері бар. Құқықтары сақталады//
ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ // Мен 4 жарым жыл отырмын бұл жерде. Денсаулығыма қатысты сауалдарыма жауап алдым. Көмектесіп жатыр. Жиі-жиі ұйымдастырылып тұрады. Маңызды сұрақтарымызға жауап аламыз осы жақта//
Тағдырдың тәлкегімен сотты болғандар тәртібін түзеп, үлгілі болуға тырысып жүргендерін айтады. Ал, абақтыдағы ашық есік күні сотталғандардың жазасын өтеп, бостандыққа шыққан соң қоғамдық өмірге қайта бейімделуіне алғышарт болмақ.