#qyzylordatv

Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға да үй төлемдері төленуі мүмкін.Сенаттың жұмыс тобы осыған қатысты жаңа заң жобасын талқылады. Құжатта Тәуелсіздік алған жылдан бастап қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне ай сайын төлем беру қарастырылған. Бұған дейін тек 2022 жылдан кейін қаза тапқан әскерилердің жақындары ғана мұндай төлемге құқылы болған.

 Заң жобасында жергілікті полиция қызметін тарату көзделуде. Оның орнына екі мамандандырылған бағыт енгізіледі.

САНЖАР ӘДІЛОВ - ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 "Профилактика басқармасына ювеналдық учаскелік полиция, табиғатты қорғау полициясы және әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау қызметтері жатады. Екінші басқармаға потруль қызметі және жол-техникалық инспециясы кіреді".07:06

 Қызмет өтілі 20 жылдан асқан құқық қорғау қызметкерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді тегін жекешелендіру құқығы беріледі. Одан бөлек енді тұрғын үй төлемдері 90 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй есебінен ғана төленетін болады. Дегенмен, қызметкерлерге жұмыстан босатылғанда біржолғы тұрғын үй төлемдерін беру тәртібі өзгермек.

 МЕЙРАМ КЕМАЛОВ - ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТТЕГІ РЕСМИ ӨКІЛІ

 " 8 жыл деген шектеу қойып отырмыз арендаға. Өйткені, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алып-алып келеді, сосын зейнеткерлікке шығар алдында оның қалған қалдығын жабуға біржолата тұрғын үй төлемін сұрайды. Қалдық кейде бір 5-4 млн қалуы мүмкін. Ал, біржолата берілетін төлемдердің мөлшері кейде орта есеппен алғанда 30-40млнға жетеді.. Анау 5 млнды жабу үшін мемлекет 30-40млнды толығымен төлейді оған.07:59++08:34 Енді қазір қанша қалды сол қарыз ғана төленеді, басқа артық ақша төленбейді".08:43

 Енді тұрғын үй төлемдерін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері — оның ішінде өрт сөндірушілер, төтенше жағдайларды жою, шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету қызметін атқаратын мамандар да алатын болады. Оның нақты шарты мен тетіктері әлі де талқылануы тиіс.