#qyzylordatv #жаңалықтар #ТазаҚазақстан
Жергілікті билік тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап, жинау жағын да қарастырып жатыр.Бұл үшін қалдықтар төгілетін орында қос бірдей зауыт құру көзделіп отыр. Осы орайда біздің түсіру тобымыз Белкөл кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын полигонда болып келді.
Белкөл кентіндегі қатты қалдықтарды жинайтын полигон. Мұнда қалдықтарды сұрыптау арқылы қайта өңдеуге жарамды материалдар жиналып жатыр. Алдағы уақытта осы маңда қоқыс сұрыптайтын қос бірдей кәсіпорын салынуы мүмкін. Яғни, экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты дамудың ең маңызды бөлігі - тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында жаңа полигондардың жобалау құжаттары әзірленіп жатыр. Жалпы аймағымыздағы 145 елді мекенде қалды қалдықтарға 402 гектар жер учаскесі белгіленсе, соның ішінде 8 полигон экологиялық және санитарлық талаптарға сай.