#qyzylordatv

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Математика және қолданбалы механика» секциясының қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ералы Әбжан 70 жасқа толды. Ұлағатты ұстаздың мерейтойына орай ғылыми кеңес отырысы өтті.

 Ералы Әбдіғаппарұлы 1972 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының облыстағы филиалында «Жоғары математика және физика» кафедрасының оқытушысы болып бастап, кейіннен аға оқытушы, оқу-методикалық бөлімінің басшысы, бас методисі, кафедра меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарады. 2011-2015 жылдары «Жоғары математика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры атағын алды. Ералы Әбжан қазіргі күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ғылым мен ұстаздықты қатар алып жүр.

 БАҚЫТЖАН ЖАНМОЛДАЕВ – ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ //Ерекеңнің табиғи болмысы, жүріс-тұрысының бәрі қарапайым. Қанша жыл ұстаз болса да ол әрбір сабағына мұқият дайындалады. Және студенттерге қатаң талап қояды. Оның талапшылдығы өзінің жұмысын өте жақсы көретіндігі. Ерекеңнің әлі беретіні көп деп ойлаймын.//

Ғылыми кеңесте білікті ұстазға облыстың ең жоғары марапаты «Құрмет» грамотасы табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

 БАҚЫТ ҚАЛИЕВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ //Бұ кісі физика-математика мектебінің бірінші түлегі, атақты математик Асқар Жұмалілдаевтың сыныптасы. Асекең бір келген уақытта сіздер алыстан математик іздемеңіздер, араларыңызда ең үздік математика бар ол Ералы Әбжан деген болатын. Ерекең шынымен өзін осы салаға арнаған...//

 Ғалым 70-тен астам ғылыми және ғылыми әдістемелік құралдың авторы. Мақалалары халықаралық дәрежедегі журналдарда жарық көрсе, әдістемелік құралдарын мектеп мұғалімдері қолданып жүр.