#qyzylordatv

Көші-қон қызметі «Мигрант» іс-шарасының қорытындысын жариялады. Шара барысында Қазақстан заңдарына бағынбаған 22 шетел азаматы елден шығарылып, оларға бес жылға дейін республика аумағына кіруге тыйым салынды.

 «Мигрант» Іс-шарасының мақсаты - көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу және дер кезінде анықтау. Осы орайда полиция қызметкерлері шетелдіктер уақытша тіркелген мекенжайларды, салынып жатқан құрылыс нысандарын, базарлар мен дәмханаларды тексеріп, нәтижесінде 153 құқық бұзушылық дерегін анықтады. Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 93 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Олар көбінесе заңсыз құрылыс жүргізумен айналысқан. Ал көші-қон ережелерін сақтамай, заң бұзушылыққа жол берген Қазақстан Республикасының 62 азаматына әкімшілік шара қолданылды.

 СӘБИТ САТҚАНБАЙ – ОПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Әкімшілік кодекстің 518 бабына сәйкес шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР халықтың көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 47 азаматқа және әкімшілік кодекстің 519 бабына сәйкес шетелдік жұмыс күшін, еңбек үшін көшіп келушілердің республикалық заңнамасын бұза отырып тарту бойынша 15 азаматқа әкімшілік шара көрілді.Өзбекстан республикасының 22 азаматы елден аластатылды, жеке басын анықтайтын куәлігі жоқ 5 адам Қызылорда қалалық полиция басқармасының қабылдауына жеткізілді. Қазіргі таңда шетелдік азаматтардың тізімдері күнделікті бізге жаңартылып, тексеру жұмыстары жалғасуда.