#qyzylordatv

Биыл Сырдария ауданының бюджеті 12 млрд теңгеге жетіп, бұл қаржы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратын жобаларға бағытталуда. Мәселен, жол саласына 1 млрд 200 млн теңге қаржы бөлініп, Тереңөзек кенті мен елді мекендердегі көшелер күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде, аудандағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99 пайызға жетті. Ал, Шаған ауылының тұрғындары көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізбек.

 Шағанда 900-ге жуық отбасы тұрады. Көп ұзамай ауыл халқы табиғи газдың игілігін көреді. Қазір ауыл ішінде орта және төменгі қысымды реттейтін газ құбырлары жүргізіліп жатыр.

МЕЙІРХАН БАҚЫТЖАНҰЛЫ – АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ //Шаған елді мекенін газдандыру жобасы өткен жылы басталған күз айында. Былтыр 1,3 млрд теңге бөлінді. Оған Тереңөзек пен Шағанның екі ортасын жоғары қысымды реттейді 9 км газ құбыры жүргізілді. Қазір ішкі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұйырса жылу маусымына дейін көгілдір отын іске қосылады.//

 Сондай-ақ, ауылда дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бүгінде ғимараттың жылу-электр, кәріз желілері қайта жаңғыртылып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қалды. Нысан қайта пайдалануға берілгеннен кейін жаңадан оңалту бөлімі ашылмақ.

ЖАЛҒАСБЕК ҮСЕНОВ – АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ // Өйткені, аудан халқы жақын Шаған елді мекенінде орналасқан Ақжарма, Іңкәрдария, Нағи, Қоғалыкөл ауылындағы емделушілеріміз осы жерге келіп ем алатын болады. Бұл дегеніміз аудан орталығына бармай-ақ, жақын жерден ем алады деген сөз. Жалпы мұнда 40 төсек орны бар.//

 Сәкен Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектеп ғимараты да қайта жаңғыртылуда. Білім ұясының іргетасы 1974 жылы қаланған. Содан берікүрделі жөндеу көрмеген. Қазір ғимараттың екінші қабатында монтаждау жұмыстары толығымен аяқталған.

 ЕРКЕБҰЛАН ЖАҚЫП – АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ // Қазір енді бірінші қабатында жұмыстар жүрізіліп жатыр. Сонымен қатар, спорт залында да жұмыстар жүріп жатыр. Жылу желілері де толықтай ауыстырылады. Тозығы жеткен электр желілері де толықтай ауыстырылады. Тамыз айының 25-не дейін аяқталады жұмыстар.//

 Ауылішілік көшелер тақтайдай теп-тегіс.

БАҚЫТГҮЛ ӘБДИРЕВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ //Осы уақытқа дейін көшеміз көше сиқы жоқ, кішкентай ылғал болса болды аяғымызды алып жүре алмай, басқа аяқ киім киіп, жаңа аяқ киімімізді қолымызға алып, баратын жерімізге зорға баратынбыз. Енді міне көшеміз жарқырап, әдемі жол салынып, соған риза болып жатырмыз.//

 Мұнан бөлек, биыл аудандағы амбулаториялық медициналық оңалту және қалпына келтіру орталығы күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде, паллиативтік көмек пен реабилитациялық бөлімдері 70 жаңа төсек орнымен толықты. Сонымен қатар, сал ауруы мен тірек-қимыл жүйесі бұзылған жандарды қайта бейімдеу мақсатында жаңа заманауи құрал-жабдықтар алынған.

 Ал, кент маңында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды сұраптау кешені «Жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асып отыр.

 ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ //Ел президенті «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында барлық қала мен аудандарда тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптайтын арнайы кешен болуы керектігін айтқан болатын. Осыған сәйкес, былтыр Сырдария ауданында арнайы кешен салынып, биыл ақпан айында пайдалануға берілді. Қазір дәо осындай арнайы үлкен техниканың көмегімен пластикалық ыдыстар мен шыны бөтелкелер және қағаз-картондар бөлек-бөлек сұрапталып, мына аппаратпен пірестеліп жиналады. Айта кетейік, кешенде күніне 15-20 кубқа дейін қатты қалдықтар сұрыпталады.//

 Жалпы аудан бюджетінің 70 пайызы әлеуметтік инфрақұрылымдық жұмыстарды атқаруға бағытталған.Өнеркәсіп орындары мен өңдеу өнеркәсібінде де өсім бар.

Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.