#qyzylordatv
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында полицейлер 7700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартты.
Оның 4641 дерегі абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша болса, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 3115 құқық бұзушылық тіркеліп, 60 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Іс-шара барысында 23 мобильді топ құрылып, рейд жүргізген. Нәтижесінде облыс көлемінде 504 заңсыз қоқыс тастау орны анықталып отыр. Көпқабатты үйлер ауласындағы, сондай-ақ қала маңындағы бей-берекет тасталған қоқыстар экологиялық жағдайға кері әсерін тигізіп отыр. Осы ретте полиция инспекторлары тұрғындарды тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырады.