#qyzylordatv

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары Қармақшы ауданында құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өткізді.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мұнан соң облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Сатыбалдиев қатысушыларға қаржылық қауіпсіздік ұғымы, оның маңыздылығы және азаматтардың жеке мүліктік құқықтарын қорғау жолдары туралы түсіндірме жүргізді.

 Қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтық қоғамда кең таралған алаяқтық түрі болып отыр. Мұндай қадамға барған алаяқтар азаматтардың жинақтарын заңсыз иемдену үшін түрлі тәсілдерді қолдануда. Сондықтан мамандар тұрғындарды күмән тудыратын қаржылық ұсыныстардан сақ болып, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігін ескертеді.

РУСЛАН САТЫБАЛДИЕВ - ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

// Бұл шарада экономикалық тергеп тексеру департаментінің атынан халыққа лудоманоия, интернет алаяқтық бойынша түсіндіру халқымыздың қаржылық сауаттылығы өседі деп сенеміз. Жұмыс бұл бағытта әрдайым жалғасуда//