#qyzylordatv
«Сырдарияның ежелгі және ортағасырлық мәдениеттерінің ізімен». Қызылордада осындай атаумен халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Басқосуда 20 жылда Сыр өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі талқыланды..
Осыдан 20 жыл бұрын Сыр өңірі ескерткіштерін зерттеудің жаңа кезеңі басталды. «Мәдени мұра» ұлттық бағдарламасының аясында елуден аса археологиялық экспедиция ұйымдастырылып, ұлттық тарихымызға қатысты құнды дүниелер көптеп табылды. Негізгі зерттеу жұмыстары Шірік рабат, Бұланды, Бәбіш мола және Сеңгіртам аумағында жүзеге асып, барлығы 750 тарихи-мәдени ескерткіш қазып алынды. Оның ішінде 519 археологиялық, 217 сәулет ескерткіші және 14 монументалды нысанның географиялық координаттары анықталып, құнды жәдігерлерге фотофиксация жасалды. Экспедиция зерттеулерінің нәтижелері Қазақстанның ежелгі тарихын жаңаша пайымдауға, сондай-ақ жаһандық археологиялық ғылыммен үндестік табуға мүмкіндік берді дейді ғалымдар.
Конфернцияға ел археологтарымен қатар көршілес Өзбекстан мемлекетенің ғалымдары мен тарихшылары қатысып, баяндама оқыды. Сондай-ақ, Шірік-рабат мәдениеті ескерткіштерінде және Жанкент қалашығында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері талқыланды. Ал, жиын соңында «Шірік-Рабат қазыналары» атты кітаптың тұсауы кесілді.