#qyzylordatv
Конституция – елдің тұрақты дамуы мен бейбіт өмірдің, қоғамдық келісім мен бірліктің басты шарты. Сондай қарым-қатынастың үлгісі ретінде қазақ елін әлемге танытқан – Байқоңырды айтуға болады. Жұлдызды қалашық тұрғындары Конституция күнін сән-салтанатпен атап өтті.
Байқоңыр – екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен іскерлік келісім көрініс тапқан қала. Әсем безендірілген сахна төріне алдымен қос елдің байрағы әкелініп, іс-шара рәміздерге құрмет көрсетуден басталды.
Конституция - ел азаматтарының еркіндігі мен құқығына, сот пен заң алдындағы теңдігіне кепілдік береді. Ата Заңның арқасында саяси тұрақтылық сақталып, қоғамдық келісім нығайып келеді. Отыз жылдық тарихы бар Ата Заңымыз – халқымыздың айқын таңдауының жемісі, бірлігіміздің берік діңгегі, әділетті қоғам құру жолындағы басты құжаты. Іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі тұрғындарды мерекемен құттықтап, Конституцияның азаматтық қоғамның дамуында алар орнына тоқталды.
ҚАЙРАТ НҰРТАЙ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //Негізгі заңымыз, Ата заңымыз, конститциямыз. Бұған Қазақстан 30 жыл бұрын емес, ғасырлар бойы келді. Қазақтың өзінің дала заңдары болды. Ол халықтың негізгі құқықтарын, қағидаларын бекітіп, тыныс-тіршілігін реттеп отырды. Қазір де, Конституциямыздың негізгі бағыттары белгіленіп, азаматтарымыз құқықтарын пайдалануда. Барлықтарыңызға Конституция күні құтты болсын деймін//
ТИМУР ВЕРБИЦКИЙ – БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Конституция – бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, ол мемлекет пен қоғам арасындағы келісім, бүкілхалықтық сенімнің көрінісі деп білемін. Қазақстанның осыдан 30 жыл бұрын қабылдаған Заңдар жиынтығы азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз еткен темірқазық құжатқа айналды. Баршаңызды конституцияның 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын//
Шара аясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Кәсіби міндетін адал атқарып, қоғам дамуына үлес қосып жүрген мамандар құрмет биігінен көрінді. Солардың бірі Байқоңыр қаласының прокуроры – Меруерт Серік.
МЕРУЕРТ СЕРІК - БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ //Осы жақта қызмет етіп жатқаныма 1 жылдан асты. Бүгін Ата заңымыздың 30 жылдығына орай облыс әкімінің алғыс хатын алып жатырмыз. Конституция – мемлекетіміздің ата заңы, еліміздің бірлігі, мемлекетіміздің іргетасы, жоғары деңгейдегі норма деп айтуға болады. Елімізді нығайтуға, екі ел арасында ынтымақты арттыруға жұмыс жасайтын боламыз. Еліміздің бейбітшілігі жоғары болсын//
Ал, Гүлсара Тұяқова өмірге 6 перзент әкеліп, тәрбиелеп отыр. 37 жастағы көп балалы ана мереке мезіретінде «Күміс алқа» иегері атанды.
ГҮЛСАРА ТҰЯҚОВА – КӨПБАЛАЛЫ АНА //Үлкен жетістік деп ойлаймын мен үшін. Баланы дүниеге әкелгеннен бұрын, оны тәрбиелеп, өсіру мен үшін маңыздысы осы. Осы марапатты алып жатқаныма қуаныштымын. Рахметімді айтамын. Осындай мерекеміз көп болсын деймін. ҚР Конституциясының 30 жылдық мерейтойы құтты болсын//
Мерекелік басқосуда жұмысшы студенттер жасағының жұмысы да қорытындыланды. Жылдағы дәстүр бойынша ең үздік топ анықталып, жеңімпазға берілетін ауспалы кубок табысталды. Бұл марапатқа Байқоңыр инустриалды техникумының студенттері лайық дщеп танылды.
АРТУР ПОЗДЕЕВ – СТУДЕНТ //Біз екінші жыл қатарынан үздік атандық. Қуаныштымыз. Командада 14 студент бар, жыл басынан бері қаланы көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жасадық. Бұл біз үшін тек қоғамдық жұмыс қана емес, достарымызбен бас қосатын алаңға айналды десек болады. Тіпті, осында жүріп тұрақты жұмысқа орналасқан достарымыз бар. Алдағы уақытта қаланы көркейтуге өз үлесімізді қосатын боламыз//
Салтанатты іс-шара соңында өңір өнерпаздары әннен шашу шашып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.