#qyzylordatv

Облыс әкімінің қатысуымен «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында азаматтық форум өтті. Жиында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру, қолдау көрсету және қаржыландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Сондай-ақ «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттейтін» жаңа заң жобасы талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды.

 Мемлекет басшысы «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», - деген болатын. Өңірде осы мақсатта жергілікті әкімдік үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Атап айтсақ, аймақтағы азаматтық институттардың бастамалары халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \ тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аймағымыздағы қоғамдық ұйымдар саны 15-ті құраса, бүгінде олардың қатары мыңға жуықтады. Оның 300-і өңіріміздің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өміріне белсенді араласуда. Бұл қоғамдағы азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің артқанын айқын көрсетеді.....\

Азаматтық қоғам институттарына жыл сайын қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, соңғы үш жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бюджеттен 3 млрд. 684 млн. теңге қаржы бөлініп,

427 әлеуметтік жоба қолға алынған. Үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіріп, әлеуетін арттыру және азаматтық бастамаларды іске асыруда Азаматтық Альянстың орны ерекше.

 Форумда сенат депутаты Наурызбай Байқадамов жаңадан әзірленіп жатқан «Үкіметтік емес ұйымдар» туралы жаңа заң жобасы туралы айтты. Бұл құжат ұйымдардың құқықтық мәртебесін, міндеттері мен жауапкершілігін нақтылап, олардың жұмысының ашықтығын арттыруды көздейді.

НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ \Заң жобасын талқылау барысында азаматтардың және тәуелсіз ұйымдардың мүддесін ескеру өзекті мәселеге айналуда. Жаңа заң арқылы ҮЕҰ-дарға «қоғамдық пайдалы ұйым» деген арнайы мәртебе беріп, мемлекет тарапынан қолдау тетіктерін сондай мәртебесі бар адал ұйымдарға бағытталу ұсыныс ретінде келіп отыр...\

 Жаңа заң жобасында Қазақстанның Азаматтық Альянсы секілді ірі бірлестіктерге ерекше өкілеттілік беру көзделіп отыр. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік бақылау күшейеді. Форум соңында өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына атсалысып жүрген азаматтық сектор өкілдері марапатталды.