#qyzylordatv

Жасанды интеллект экономика мен әлеуметтік саланың негізгі бағыттарына толық енгізілуі керек. Жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдаған Президент осылай деді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік цифрлық қызмет көрсетудің сапасын арттыру, Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі орнын нығайту қажеттігін атап өтті.