#qyzylordatv
Қызылордада тергеу изоляторындағы ұлына анасы тыйым салынған зат өткізбек болды. Оқиға облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде орын алған.
Қамауда отырған азаматтың анасы ұлына жасырын түрде насыбайды бермек болған. Белгілі болғандай, азаматша тыйым салынған затты төстартқышына тығып әкеліпті. Тыйым салынған зат бақылап-өткізу пунктінде арнайы рентген аппаратының көмегімен анықталды. Азаматшаға қатысты әкімшілік іс ашылып, құжаттар сотқа жолданды.