#qyzylordatv

Қазыналы қариялар мен ұлағатты ұстаздар мерекесі қарсаңында Нағи Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Іс-шара Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясовтің ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Баба рухына тағзым етіп болған соң, бір минут үнсіздік жарияланды. Одан соң мектеп-гимназия жанынан «Ардагерлер бөлмесі» ашылды.

 Ғұмырын балалардың жарқын болашағына арнаған мұғалімдердің еңбегі өлшеусіз. Ардагерлер бөлмесінде ұстаздардың өмір жолы мен еңбегінен суреттер қойылған. Аядай ғана бөлмені өткеннен үлкен сыр шертетін, жастарға тәрбиелік мәні бар тарихи музей десе де болады.

    Ал мектеп өнерпаздары әзірлеген мерекелік концерт пен ұжымның ыстық ықыласы қазыналы қарияларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сый-сияпат мереке ажарын аша түсті.

 МЫЛТЫҚБАЙ БАЙЫМБЕТ – ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ // Жалпы қала көлемінде 2500-дей ұстаз ардагерлер бар зейнеткерлікке шыққан олар біздің ылғи назарымызда болады. 85-тей бастауыш ұйым бар арадагерлердің сол ұйымдар осындай мереке қарсаңында барлығын назардан тыс қалмайды барлығы да осындай марапатталады, құрметтеледі.

 ЖАМАЛ ЖҰМАБАЕВА – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ / Міне, бүгін қандай қуанышты сәттің куәсі болып тұрмыз. Кеше ғана еңбек күнін еліміз болып атап өтсе, міні қартттар күні 1 қазан ұстаздар күнімен қатар келіп жатыр соның құрметіне біз басымызды қосып жатырмыз. Менің бір ойға түйгенім, Ардагерлер бөлмесі дара бөлек жиылып кеңескенде өте қажет бұл бөлмеде әр ұстаздың ізі жатыр, іздегендер табатын қажет дерек арамызда озып кетті қаншама ұстаз. Осы ұжымға жұмылған жұдырықтай болып қызмет етіп балаларының сондай еңбек ардагерлері болуына ертеңгі күні еліміздің мақтанышына айналатын азаматтарды тәрбиелейді деп мектебімнің ұстаздарына сәттілік тілеймін.

 «Қарттарын қадірлеген ел – ардақты» атты мерекелік басқосу ардагер ұстаздарға деген ыстық ықылас пен шынайы құрметтің белгісі.