#qyzylordatv
Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті. Жиында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оның қоғамдық кеңістіктегі қолданылу сапасын көтеру мәселелері талқыланды.
Көшедегі көрнекі ақпарат пен хабарландырулар арасынан кейде сауатсыз жарнаманы немесе ала-құла аударманы көріп қалып жатамыз.Бірінің мағынасы, енді бірінің мазмұны сәйкес келмей жатады, кейде тек бір тілде, әдетте, орыс не ағылшын тілінде жазылып тұрады. Тіл туралы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері мыңнан астам кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліпті. Соның нәтижесінде 97 нысан иесіне ескерту жасалса, 85 кәсіпкерлік нысан заң талабына сәйкестендірілген. Бұдан бөлек, «Көрнекі» электронды платформасы арқылы жүргізілген тексерулердің нәтижесінде мыңға жуық дүкен мен мейрамханалардың жарнама мәтіндері мен тағам атауларында орфографиялық және грамматикалық қателер кездесіп, заң талаптарына сәйкес рәсімделді. Осы орайда ғалымдар мемлекеттік тіл саясатын дамытуда нақты бағыттар бойынша жұмыс істеуді ұсынып отыр. Басты мәселе – көрнекі ақпарат саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу.
АМАН АБАСИЛОВ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ //Тіл мәселелі қай қоғамда болса да түбегейлі шешілмейді. Ол дамыған қоғам болсын, дамушы қоғам болсын бәрібір тіл проблемалары болады. Сондай мемлекеттік тілдің үлкен проблемаларының бірі – осы көрнекті ақпарат, жарнама тілі деген мәселе. Бұл үнемі алдымыздан шығып отырады. Осы ретте «Тіл туралы» заң бар арнайы жауап беретін бап. Бірақ, оның да тетіктері дұрыс жасалмаған. Сол себептен нақты бағытты дұрыстап алып барып, жұмыс жасау керек секілді. Әрине, көшедегі нысандарың жарнамалық мәтіндері қоғамның сұранысы бойынша жазылады. Бірақ, кей-кейде сол талаптарға сәйкес келмей жатады. Сондықтан қоғам болып, мемлекеттік ұйым болып бірігіп атсалысуымыз керек.//
Мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында елімізде деректемелер мен көрнекі ақпараттардың орналастыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны белгілі. Осыған сәйкес, биылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға құқық бұзушылық істерін қарау және шара қолдану құзіреті беріліп отыр.
АРДАҚ НҰРҒАЗЫ – АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ //Біз осы атқарушы органдармен бірлесу арқылы ғана басқа қаладағы мамандармен тәжірибе алмасып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізе аламыз. Мәселен, Алматы қаласы бойынша шағымдар түсіп жатқан кездің өзінде де ірі нысандардың орталықтары алматы қаласында орналасқан. Сондықтан тікелей біздің жұмыс істеуімізге тура келеді. Осы ретте кәсіпкерлік нысан телері тіл туралы заңға енгізілген өзгерістерді түсінбей жатса біз өз тарапымыздан кейінен түсіндіре аламыз.//
Жиын соңында тілді дамыту бағытында нәтижелі жұмыс атқарып жүрген тіл жанашырлары марапатталды.