#qyzylordatv
Мемлекет басшысы Душанбе қаласына сапармен барды. Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты. Ал, ертең ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысады деп жоспарланған. Үлкен жиындар алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. Тараптар екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады. Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.