#qyzylordatv

Сыр өңірінде «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фестивалі басталды. Рухани шара биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Фестиваль барысында түркі халықтарының фольклорлық музыкасы дәріптеліп, өзара мәдени байланыс беки түседі. Фестиваль аясында Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрында «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің концерті өтті.

Геотитр: ҚЫЗЫЛОРДА

  Қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, домбыраның үні заманауи ырғақпен астасып, қайталанбас күй тудырды. Өнерпаздар осы арқылы түркі халықтарының рухани бірлігінің символы «Тамыр» жобасын таныстырды. «Тұран» ансамблі бүгінде түркі әлемінің бренді. 15 жыл ішінде олар әлемнің 122 қаласында 3000-нан астам концерт берді. Нью-Йорктегі Карнеги Холл, Вашингтондағы Кеннеди орталығы, Берлиндегі Концерт үйі және Мәскеу консерваториясы сияқты аты аңызға айналған сахналарда өнер көрсетті.

 БАУЫРЖАН БЕКМҰХАНБЕТ - «ТҰРАН» ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ аударма//Біздің миссиямыз барлық түркі халықтарының музыка өнерін насихаттау, таныту. Біз түркі халықтары мәдениетінің амбассадоры ретінде танылды. Тұран біздің брендімізге айналды. Біз фестивалге келіп осылай өнерімізді танытып жатқанымызға қуаныштымыз. Және осы Қызылордадан соң Евротурға аттанамыз. Сыр елі бізді өте жылы қарсы алды. Біз түркінің рухы арқылы бұл жылылықты еселей түстік деп айта аламын//

 Жалпы «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фестиваліне Түркия, Тыва, Алтай, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен және Қазақстаннан 200-ге жуық өнерпаз шақырылған. Дәстүрлі шара Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

 УРМАТ ЫНТАЕВ – «АЛТАЙ КАИЙ» АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ //Тұран ансамблі жақсы үлгісін көрсетіп жүр. Фольклор мәдениетте ғана емес жүректе болғанда өміршең болады. Мен бұл фестивальге екінші мәрте қатысып отырмын. Алғаш рет 2018 жылы келдім. Бұл қазақ пен Алтай халықтары арасындағы мәдениетті де жаңа деңгейге көтеріп келеді. Фестиваль түркі халықтары үшін достықтың өзегі болып отыр. //

 Ұлттық мәдениеттің жаһандық деңгейде танылуына өзіндік үлесін қосып жүрген ұжымның өнері Сыр жұртшылығын тәнті етті. Асқақ рух пен ұлттық музыка өнерінің астасуы көрерменге ерекше шабыт сыйлады.

 Фестиваль өткізілген жылдар ішінде Қорқыт баба мұралары Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы ЮНЕСКО ның материалдық емес мұралар тізіміне енгізілді. Бұл – Қорқыттан қалған ұлы өнердің, Ұлы дала сазының өміршеңдігін көрсетеді. Ал, бүгін халықаралық өнер мерекесі Қармақшы ауданында жалғасуда.