#qyzylordatv #заңментәртіп

 Қызылордалық полицейлер жыл басынан бері 237 есірткі қылмысының жолын кесіп, заңсыз айналымнан 1 тонна 570 келі есірткі заттарын тәркіледі.

Бұл жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде әшкереленген қылмыстар. Қаңтар айынан бастап полиция департаменті көпқабатты үйлердің аулаларында, гараждар мен құрылыс аумақтарында, сондай-ақ, қатынасы қиын аймақтарға әуеден барлау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 66-ы есірткі өсіру, 22-і есірткі өткізу, 5 есірткіні жарнамалау, бір есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау мен оны тұтынуға көндіру қылмыстарын анықтаған. Мұнан бөлек, үй жағдайында сора өсімдігін өсірген 5 фитозертхана табылды.

СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ – ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ //Облыс орталығында полицияның кешенді күштерімен күнделікті нарядтарда көпқабатты үй аулалары, гараждар мен құрылыс аумақтары арасында тексеру жұмыстары үнемі жүргізіліп, жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы шолу жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде есірткі жарнамалайтын «граффити» суреттер саны төмендеді. "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1120 сайт енгізіліп, бұғатталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.//