#qyzylordatv
Облыс орталығында «Балаға мейіріммен қарайтын аурухана» бастамасы аясында семинар өтті. Іс-шара мақсаты — жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтау, ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру.
Оқу барысында мамандар перинаталдық күтім, лактацияны қолдау, жаңа туған сәбиге тері жанасуының маңыздылығы, ана сүтімен қоректендіру сияқты маңызды тақырыптарды қозғап, практикалық сабақтар арқылы теориялық білімді нақты тәжірибемен ұштастырып отыр. Мамандардың айтуынша, жаңа туған нәрестені ана сүтімен қоректендіру – оның денсаулығы мен дамуы үшін маңызды. Ана сүті нәресте үшін таптырмас қорек көзі болып саналады. Сондай-ақ емізу арқылы ана мен бала арасында психоэмоционалдық байланыс орнайды. Сол себепті баланы алғашқы алты айында тек ана сүтімен, ал 2 жасқа дейін қосымша тамақтандыру қажет, дейді нутрицолог маман Ардақ Чуенбекова.
АРДАҚ ЧУЕНБЕКОВА- МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, НУТРИЦОЛОГ/Бұл семинардың негізгі мақсаты-Қазақстан төңірегінде өзіміздің ұлтымызға тән болып келетін,ана сүтімен қоректендіру ана сүтінің қадір-қасиетін түсіндіру сол тараптан тікелей аналарға,әйелдерге күтім жасайтын барлық медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында осындай үлкен жоба үзеге асып жатыр.Қазіргі таңда Қазақстан аумағында осындай семинарлар бізде каскадты түрде жүріп жатыр.Сондықтан,желтоқсан айына дейін бүкіл Қазақстан соның ішінде 20 аймаққа осындай арнайы медициналық мамандарды дайындай отырып осы ана сүтін қоректендіруді қорғау,қолдау саясында жақсы жұмыстар жүргізіледі деп жоспарланып отыр./