#qyzylordatv
Аймақ кәсіпкерлері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» қолдауын айқын сезінуде. Осы орайда қор өкілдері Жалағаш ауданынағы кәсіпорынға баспасөз турын ұйымдастырды. Журналистер қордың қолдауымен нақты нәтижеге жеткен «Агрохимсервис-С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.
Бүгінде кәсіппен айналысамын деген азаматтарға түрлі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетілуде. Соның негізінде облыс кәсіпкерлері жеңілдетілген пайызбен несиелерге, өзге де қолдау шараларына қол жеткізуде.
Аталған серіктестік тамыз айында «Даму» қорының «Өрлеу» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында қаражат алып, өндірісті кеңейткен. Осылайша мемлекет несиенің бір бөлігін субсидиялау арқылы кәсіп иелерінің қаржылық жүктемесін айтарлықтай жеңілдетіп отыр. Қазіргі таңда бұл зауытта сағатына 10 тоннаға дейін түйіршіктелген тыңайтқыш шығарылып жатыр.