#qyzylordatv
Облыс орталығында 15 қазаннан бастап жылу беріле бастайды. Қазір жылу құбырларына су толтырылып, жоғары қысымда сынау жұмыстары жүріп жатыр. Осы ретте жылу электр орталығының мамандары қауіпсіздік мәселесіне бас назар аударуды сұрайды. Әсіресе, көпқабатты үйлердің маңайындағы кварталішілік жылу құбырларына жақындамауды ескертеді.
МҰХИТЖАН КӘРІМБАЕВ – «ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ» МКК ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК БАСШЫСЫ
Қазір барлық жылу құбырлары суға толтырылып жылук берілейін ждеп жатыр. Үлкен магистральдар 12-ден 16 атмосфераға дейін қысыммен, ал кварталішілік құбырлар 6 атмосфераға дейін қысым беріледі. Сондықдан жылу құбырларының айналасында сынау жұмыстары жүріп жатыр. Соған байланысты құбырларға тұрғындардың жақындаудың қажеттілігі жоқ. Өйткені оның барлығын қадағалап отыру мүмкін емес. Жүздеген шақырым құбырлар бар. Ыстық су берілгенде ақау шығып жатса, су кетуі мүмкін қауіпсіздікті тұрғындарға ескертеміз.//
Ал төтенше жағдайлар департаменті өкілдері жылу маусымында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады. Қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерде пештің дайындығы мен мұржаны тазарту жұмыстары ескерілу қажет. Сондай-ақ табиғи газды тұтынатын тұрғындар да газ пешін қосатын кезде арнайы мамандардың көмегіне жүгінгені абзал. Өткен жылу беру маусымында облыс аумағындағы тұрғын үй секторларында 120 өрт оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапқан. Сондықтан сақтық шаралары қай кезде де маңызды болмақ.
АСХАТ ОРАЗБЕКОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
//15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Департаментпен облыс көлемінде 6825 әлеуметтік осал топ, жалғыз басты қарттар, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар саны нақтыланды. Осы тұрғын үйлер араланып өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндірме жүргізілді.//