#qyzylordatv
10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні. Осыған орай облыстық жастар ресурстық орталығында салтанатты жиын болды. Мерекелік шараға сала ардагерлері, белсенді кәсіподақ мүшелері және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.
Биыл еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының бастау алғанына 120 жыл толып отыр. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов кәсіподақ мүшелерін кәсіби төл мерекесімен құттықтап, еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін институттың басты миссиясын атап өтті.
ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Бүгінде Қазақстанда 2,5 млннан астам жұмыскерді біріктіретін кәсіподақтар жұмыс істейді. Тәуелсіздік жылдарында кәсіподақтар түрлі экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге қарамастан өз миссиясын тоқтатқан емес. Олар жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қауіпсіздігімен әлеуметтік кепілдіктерді қорғауды маңызды рол атқаруда. Мемлекет басшысы биылғы жылды жұмысшы мамандықтардың жылы деп жариялады. Бұл бастама жұмысшы қауымның ел дамуына қосқан үлесі мойындауын айқын көрінісі. Осыған орай еңбек жағдайларын жақсартумен әлеуметтік қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
МАҚСҰТ НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ // Жалпы біздің облыста кәсіподақтардың құрылғанына 75 жыл барлығы да атаулы даталар оның үстіне биыл сыр бойының басты қаласының астана болғанына 100 жыл .Бұл мерекеге кәсіподақ ардагерлері,еңбек ардагерлері және де кәсіподақ белсенділері және де салалық кәсіподақ жетекшілері барлығы қатысып отыр. Біз үлкен жалпы жетістіктермен жетіп отырмыз бұл негізінен аймақ басшысының қолдауымен біз бірге 52 ірі кәсіпорындардың әлеуметтік шиеленістердің алдын-алу мақсатында меморандум жасадық. Алдағы уақытта сол еңбек кодексінің аясында және де ұжымдық шарт аясында еңбеккерлердің құқықтарын қорғап, одан әрі қарай әлеуметтік мәселелерін жақсартуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастырамыз.
Шара барысында кәсіподақ ардагерлері сөз алып, еңбекке адалдық туралы ойларымен бөлісті
РАЙКҮЛ БАЙНАЗАРОВА – КӘСІПОДАҚ АРДАГЕРІ // Мен өзім кәсіподақ жұмысын, студенттік кәсіподақ төрайымы ретінде бастадым. Содан кейін облыстық кәсіподақ комитетіне орынбасар төрағаның, сосын төрағасы болып істедім. Бас аяғы 37 жыл осы кәсіподақта қызмет жасадым. Мен қай уақытта да айтамын, менің бақытым еңбекте, еңбегім- кәсіподақ. Сондықтан менің өмірім кәсіподақ деуге болады.
Айтулы күнге орай осы салаға еңбегі сіңген бір топ азамат пен кәсіподақ белсенділері марапатталды.