#qyzylordatv

 Қызылордада нан өнімдерін шығаратын кешен іске қосылды. Ол үшін мемлекеттік қолдау ретінде кәсіпкерге 5 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

 ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ // Цехтың негізгі жүрегі саналатын нан пісіру пеші аймағында тұрмыз. Өндіріс орны толық автоматтандырылған. Мәселен мына қондырғы 45 минут ішінде 270 нанды пісіруге қауқарлы. Айта кетейік, далада қоңыр күздің салқыны сезіліп тұрса, мына цехта жаздағы 25 градусты көрсетіп тұр. Қапырық, ыстық. Десе де, піскен нанның иісі бұл бейнеттің бәрін ұмыттырады (нанды сындырып жеп) Дәмі керемет...

 БАҚЫТЖАН ҚАДІРОВ ¬– ӨНДІРІС БРИГАДИРІ // 80 түрлі нан, булчка пісіріледі. Багетің бар, батоның бар, негізі бөлке нан көп шығарамыз. Күніне 10-15 мың. Ұнды илеп әкеліп, қазанға салып, әр рецептін қосып, пешке саламыз. Бәрі заманауи //

 Озық технологиямен жабдықталған зауытта жылына 7 мың тоннадан астам өнім пісіруге мүмкіндік бар. Соның ішінде, нан-тоқаш, макарон, кондитерлік өнімдер мен печенье дайындайды. Кәсіпорын 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Заманауи өндіріс орынын іске қосу үшін мемлекеттен қолдау көрсетілген.

 ЕРЖАН ЕСКЕНДІР – КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ // Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. 5 гектар жер бөлінді. 70 млн.теңгеге инженерлік инфрақұрылым тартылып берілді. 1 млрд. 200 млнға несие алынып, мемлекет тарапынан субсидияланды Печенье бұл сағатына 300 келі өнім шығаратын қуаттылығы болса, макарон өнімдері жалпы қуаттылығы сағатын 200 келі. Бұл жерде 120 адам жұмыспен қамтылатын болады. // Өнімдерді Қызылорда қаласына және жақын елді мекендерге тарататын боламыз.

 Цехтың ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірде инвестиция тарту ісі қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ //Өңірімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ауқымды жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Биылғы 720 млрд.теңгеден астам инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 8 айда 408 млрд. 200 млн.теңге инвестиция тартылып, жоспардың орындалуы бойынша Қызылорда облысы республикада бірінші орында.

 Айта кетейік, кәсіпкер келер жылы өндірісті ұлғайтуды көздеп отыр. Яғни, ұн шығару комбинатын іске қосып, 50 адам тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.