#qyzylordatv

Қала әкімдігінің қолдауымен көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған «Түбіртек талап ет те, жүлдені ұтып ал!» науқаны мәресіне жетті. Акцияға қатысу үшін тұрғындар «Әмиян» мобильді қосымшасын жүктеп, сатып алған түбіртекті сонда енгізген.

 Осылайша шілденің бірі мен қыркүйектің отызы аралығында акцияға үлес қосқан қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды.Компьютер кездейсоқ таңдаған түбіртек иесі бағалы сыйлықтарға ие болды. Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, акция басталғалы тұрғындар белсенділік танытқан. Бұл халықтың құқықтық мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын айғақтайды.

 БЕКЗАТ АЙТМАҒАМБЕТОВ- ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ Ең бірінші бағалы сыйлық-iPhone 16 ұялы телефоны, сондай-ақ тоңазытқыш,кіржуғыш машина,ноутбук қысқа толқынды пеш сондай басқа да бағалы сыйлықтар ұтыс ойнатқалы отырмыз. «Түбіртек талап ет» акциясы басталғалы бері «Әмиян» қосымшасы арқылы Қызылорда қаласы бойынша 1300 адам қатысып.45000 чек Әмиян қосымшасына енгізіліп отыр.Бұл жоғары нәтиже/.Биылғы жылдың өзінде шілде айы мен қыркүйек айы аралығында чек берілмеген 48 дүкен анықталып,ескерту түрінде және айыппұл түрінде шаралар берілді.

ДОСБОЛ МЕЙІРҒАЛИЕВ-ҰТЫС ИЕГЕРІ/ 5 чекті әлеуметтік желіге тіркедім.Смс келді, ARAY CITY-да осылай ұтыс ойыны,келіп қатыстым.Бұйырғаны міне ноутбук ұтып алдым.Ойын бәрі әділетті өтті.Рақмет.