#qyzylordatv
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мысырдың Каир қаласында пара пауэрлифтингтен өткен Әлем чемпионатында топ жарған жерлестеріміз Фариза Төлжан мен Снежанна Бойконы қабылдады.
Фариза Төлжан ересектар арасында чемпион атанса, Снежанна Бойко жасөспірімдер арасында қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Сырбойылық қос ару осылайша Мысыр елінде алтыннан алқа тағып, туымызды көкке көтерді. Байрықты бәсекеде топ жарған спортшыларды облыс әкімі құттықтап, игі лебізін жеткізді. Фариза Қалбайқызына Сыр жұртшылығының атынан жаңа пәтердің кілтін табыстаса, Снежанна Бойко мен жаттықтырушысы Бахытбек Болатбайұлына 1 млн. теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы спортшыларымыздың ерлігі ел рухын көтеретін, ұлт бірлігін нығайтатын маңызды фактор деп атап өтті....\
ФАРИЗА ТӨЛЖАН, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ \біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, алда үлкен олимпиада ойындары бар. Біз соған тыңғылықты дайындық үстіндеміз. .... \