#qyzylordatv

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде жаңа тәжірибелік жоба басталды. Оқу орнында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алатын студенттер биыл барлық пәнді ағылшын тілінде оқуда.

 Студенттерге ағылшын тілінде білім беру олардың тілді жетік үйренуімен қатар шетелдік оқу орындарында білімін тереңдетуге жол ашады. Шетелдік пациенттермен де еркін тілдесуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ағылшын тіліндегі медициналық әдебиеттерді пайдалану мен ғылыми зерттеулер жүргізуге ықпал етеді.

 ЖАНАР ҚАЛМАҚОВА - ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Осы оқу жылында біз экспериментальды түрде ағылшын тобын ашып жатырмыз. Балдардың ағылшын тілін жетік меңгеруі үшін Нигерияның азаматын, ағылшын тілінің оқытушысын шақыртып, студенттерге қосымша ағылшын тілін сабақтарын жүргізеді.Студенттер тек қазақ тілінде емес,жалпы үш тілді меңгергені дұрыс деп ойлаймыз.Сол кезде олардың халықаралықдеңгейге шығуына мүмкіндік болады.

 ДЖОШУА САМУЭЛЬ – ОҚЫТУШЫ

//Алдымен оқу орнының басшысына студенттерге осындай мүмкіндік беріп жатқаны үшін алғыс айтқым келеді. Барлық студенттер керемет, сабақта оларға бақылау жасаудың қажеті жоқ, қызығушылықтары жоғары,ынтасы жақсы.//

 Болашақ мейіргерлер барлық пәннің ағылшын тілінде өтуіне дағдыланған. Олар тапсырмаларды жылдам орындап, сабаққа қызығушылықпен атсалысуда.

ӘСЕЛ МИРАШОВА – СТУДЕНТ

//...Қызылорда медицина жоғары колледжіне келгенімде Джошуа ағай көп нәрсені үйретті. Сөйлеуге ашылдық. Жаңа сөздерді үйрендік. Грамматикалар үйрендік. Өзіміздің ойымызды жетік меңгере білдік. Ол кісіге сөйлей алдық және өз білімімізді дамыттық. Ағылшын тілінде сабақ процесі өте қызықты өтееді. Себебі біз бірнеше тапсырмаларды орындаймыз.//

 АЙГЕРІМ СЕЙІЛХАНОВА – ӘДІСКЕР

// Бұл бастаманың мақсаты студенттердің халықарылық деңгейде жұмыс жасай алуына жағдай жасау, сонымен қатар ағылшын тілін меңгерту, медициналық әдебиеттерді түсініп және де оның пайдалану қабілетін дамыту жалпы айтқанда. Осы бағытта Стадилинк тіл орталығындағы маманы, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Джошуа мырзамен бірге студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға, күшейтуге жұмыс жасалуда.

Сабақ барысында кәсіби терминология, клиникалық жағдайларды талдау, пациентпен тек ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту деңгейінде жұмыс жүргізілуде.

 Оқу орнында 2600-ден астам студент білім алады. Бүгінде колледжде халықаралық байланысты нығайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап өту керек, оқу орны өңірдегі колледждер арасында алғаш болып «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасын жүзеге асырды. Студенттер Латвия және Түркия елдерінде білімін жетілдіруде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.