#qyzylordatv

Қазақстанда жаңа салынған кез келген үйдің кепілдігі 2 жылдан 10 жылға ұзарады. Мәжіліс құрылыс кодексін екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жіберді. Бұл саладағы бейберекетсіздікті жүйелейтін ең көлемді реформа. Тұрғын-үй тақырыбы көпшілікті алаңдататыны белгілі. Сондықтан депутаттар құжатқа 2 мыңнан астам түзету енгізген.

  Бұған дейін салынған мектеп, аурухана, тұрғын үйдің кепілдігі екі-ақ жыл болатын. Бес жылда құлаған мектептер, қабырғасы сөгіліп жатқан тұрғын үйлер осы норманың салдары. Енді іргетас, қабырға, шатыр сияқты негізгі конструкциялар 10 жыл сақтандырылады. Сондай-ақ әрбір елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспары ашық платформада жарияланып, тұрғындар тікелей пікір қалдыра алады. Қандай ғимарат қайда салынады бәрі көзге көрінеді.

 МҰРАТ ӘБЕНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ \Бұрын әкімдер өздері шешетін қайда, кімге жер береді, қалай болады. Барлығын енді тек қана қоғамды тыңдау арқылы бас жоспар 20 жылға, егжей-тегжей 5 жылға арнайы шектедік. Азаматтың тұратын жерінде 15 минутта жаяу жүргенде мектеп, арухана мәдениет спорт кешендері болуы керек.

2016 жылдан бері мемлекет құрылыс сапасын толық қадағалай алмады. Салынған нысанның 84%-ін жеке компаниялар өздері жобалап, өздері тексеріп, өздері қабылдап келген. Яғни «бір қолмен салып, екінші қолмен өзіне рұқсат берген» схемалар қалыптасты. Жаңа нормаларға сәйкес, мемлекеттің бақылау мүмкіндігі 16%-дан 40%-ға дейін ұлғаяды.

 МҰРАТ ӘБЕНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ \Бұрын нашар құрылыс салған компаниялар тізімін жасаймыз. Енді Алматыда бәрін алдап кеткен компания Астанаға келіп сала алмайды. Барлығы тізімде тұрады. Кезінде барлығына оңға, солға құрылыс компнаияларына рұқсат беріп қойған. Қазір мемлекеттік бақылауға қайтып аламыз. Қайтып күшейтеміз

 Бүгінде сел,лай көшкіні, тектоникалық жарық сияқты аумақтарда жүздеген үй тұр. Бұған дейін зілзала болу қаупі жоғары аймақта 4 қабатқа дейін нысандар салуға рұқсат беріліп келген. Енді талап қатаяды. Сейсмологиялық карта арқылы ғылыми-зерттелген қауіпсіз жерде ғана құрылыс жүргізіледі.

 Құрылыс кодексі өте ұзақ талданған, талқыланған заң жобаларының бірі. Себебі сантараулы саланың шешілмеген түйіні көп. Енді заңды Сенат қолдап, Президент қол қойса сапалы ғимараттың саны артады дейді,-депутаттар.