#qyzylordatv
«ІТ тергеу» және «Смарт білезік». Бұл цифрлық жобалар бүгінде аймақтағы қылмыстық ахуалды бақылауға және заң бұзушылықтың алдын алуға септігін тигізіп келеді. Құқық қорғау органдарының жұмысын жеңілдеткен қос жоба облыстық прокуратурының ұйымдастыруымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда таныстырылды. Жиында қауіпсіз қоғам құру турасында да түрлі басталамалар көтерілді. Тақырыпты әріптесім Елдос Асан тарқатады.
Қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, кез-келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеулішік қағидасын орнату еліміздің басым бағыттарының бірі. Сондықтан, құқық қорғау саласы тарапынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысты дер кезінде анықтау, алдын алу сынды жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде соңғы бес жылда елімізде құқық бұзушылық саны 32 пайызға азайған. Ал, облыста бұл көрсеткіш 30,2 пайызға төмендеген. Бұл облыс әкімдігі мен құқық қорғау салаларының тізе біріктіріп атқарған шараларының нақты көрсеткіші.
ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ ¬– ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ // // Бүткіл аудандық ЦОУлар қосылып, // облыс деңгейіне шығарылып отыр. Біз қай ауданда не болып жатқанын облыс орталығынан көре аламыз. Сондықтан бұл үлкен атқарылып жатқан жұмыс. Республика бойынша бұндай деңгейге шығып отырған тек біздің облыс ғана болып отыр.
Иә, тәртіп пен тұрақтылықты сақтауда бейнебақылау камераларының көмегі көп. Жыл соңына дейін тағы 1400-і іске қосылады. Алайда, көзге көрінбей жасалатын қылмыстар да жоқ емес. Бұл ретте облыс прокуратрасы «IT тергеу», «Смарт білезік» сынды жобасын жүйелі жүргізіп келеді. Нәтижесінде қайта қылмыс жасау 60, қылмыстылық 6 пайызға төмендеген. Ал, қылмысты ашу көрсеткіші 3 пайызға өсім алып отыр.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияда Заң мен тәртіп қағидаты аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар баяндалып, жаңа жобалар туралы сөз болды. Заман талабына сәйкес ІТ технологиялардың жұмыс процесіне енгізілуі оң нәтижесін беріп жатыр, дейді облыс прокуроры.
РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ // Қазіргі таңда түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Оның ішінде бәрі құқықтық база толық қабылданған. Енді біздің қолымызда барлық реформаларды әрі қарай ілгерілету. Біздің сана-сезімімізді өзгерту. Жаңа өзіміздің ұғымдарымыз болу керек./
Жүйелі жұмыс нәтижесін бере бастады. Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидасын орнату мақсатында бұл жұмыстар әлі де жалғасады.